Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.08.2022
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12720 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 19 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 01.08.2022 жылғы № 314-НҚ Бұйрығына сәйкес 

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 26.11.2021 жылғы № 611-НҚ Бұйрығына сәйкес (23.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 21.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 102-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.09.2020 жылғы № 208-НҚ Бұйрығына сәйкес (16.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 26.11.2021 жылғы № 611-НҚ Бұйрығына сәйкес (23.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Бекітілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 26.11.2021 жылғы № 611-НҚ Бұйрығына сәйкес (23.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшарында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
  __________ Б. Сұлтанов 
  2015 жылғы «___» ______________
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
  ___________ Е. Досаев 
  2015 жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 1128
бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.04.2019 жылғы № 179 Бұйрығымен (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.04.2019 жылдан бастап)
1-қосымша өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 жылғы № 463 Бұйрығымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Сауда және интеграция министрінің 16.10.2019 жылғы № 67 Бұйрығымен (01.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.09.2020 жылғы № 208-НҚ Бұйрығына сәйкес (16.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 26.11.2021 жылғы № 611-НҚ Бұйрығына сәйкес (23.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi