БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 1297 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Полная версия

