Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 және «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 желтоқсанда № 26008 болып тіркелді
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 59) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 59) тармақшасына, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және резиденттер мен бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Уәкілетті банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу  қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу  қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің орталық аппаратына валюталық, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген, сомасы баламасында 50 000 (елу мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша шетел валютасын сатып алу және сату операциялары бойынша сомаға қарамастан, жүргізілген валюталық операциялар туралы есепті ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізінші) күніне дейін (қоса алғанда) ұсынады.»;
«10. Валюталық операция бойынша төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізген кезде резидент немесе бейрезидент уәкілетті банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ЖСН қамтылған жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке басты растайтын (сәйкестендіретін) деректер.
Уәкілетті банк «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен ұсынылған иеленушінің келісімі болған кезде, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген иеленушінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен цифрлық құжаттар сервисінен деректерді пайдаланады;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (бар болса) (жеке тұлға – шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін);
3) Ұлттық Банктің банктік және өзге операцияларын жүргізуге лицензиясы (бар болса);
4) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын не олардың негізінде орындалуы қажетті құжаттардың көшірмелері;
5) валюталық шарт немесе оның көшірмесі. Есептік нөмірін алу талабы қолданылатын валюталық шарт немесе оның көшірмесі есептік нөмірді алғаны туралы белгімен ұсынылады (Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін есептік нөмір берілген валюталық шарт үшін);
6) тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін тіркеу куәлігі немесе хабарлама туралы куәлік алынған және есептік нөмір берілмеген капитал қозғалысы жөніндегі есептік тіркеуге жататын валюталық шарттар немесе шетелдік банктердегі шоттар үшін.
Полная версия
ИС BestProfi