Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2023
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысыың 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.02.2023 жылғы № 32-Ө Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрі __________________М. Мырзағалиев 
2019 жылғы «___» __________ 
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Жауапты хатшысының
2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының м.а. 14.01.2021 жылғы № 6-Ө Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 22.12.2021 жылғы № 500-Ө Бұйрығына сәйкес (14.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң (бұдан әрі - Министрлік) құзыретi шегінде оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген орман шаруашылығы, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында стратегиялық, реттеуші, атқарушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган және ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Полная версия
ИС BestProfi