Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 779 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2022 жылғы
19 қаңтардағы № 779
Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (19.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесінің лауазымдық құрамында:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы;».
Полная версия
ИС BestProfi