Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 958 қаулысы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 958 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

2.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы

100 %

3.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы

98,60186962 %

реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

2.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы

100 %

3.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы

98,60186962 %

2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО –2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін және сауда-ойын-сауық орталығын қаржыландыру, басқару, салу және өткізу үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамына», «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ» деген сөздер тиісінше «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамына», «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 557 қаулысында:
«1. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы болып айқындалсын.».
Полная версия
ИС BestProfi