«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 5-тармағына және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс- шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығының 12-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Внимание! Документ утратил силу с 17.03.2022
Алматы қаласында шектеу карантиндік іс-шараларын жеңілдету туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 4 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.03.2022 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес
1.«Ashyq» жобасының объектілері бойынша» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28.01.2022 ж. № 3 қаулысының 2- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысандары мен ведомстволық тиістіліктегі білім беру ұйымдарын штаттық форматта оқытуға рұқсат етілсін».
2.Алматы қаласының аудан әкімдері, мемлекеттік органдары, кәсіпкерлер палатасы, құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме, кәсіпорын және кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары (келісім бойынша) құзыреттіктеріне сәйкес шаралар қабылдасын және қамтамасыз етсін:
2.1.«Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндет атқарушысының 2022 жылғы 27 қаңтардагы №7 қаулысының талаптарына сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын және іс-қимыл алгоритмдерін;
2.2.«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына және «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарға және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды орындауды.
3.«Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі одан әрі шаралар туралы» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы №1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы С.Байғабылов
Полная версия