Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2023
Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі одан әрі шаралар туралы
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 5 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.05.2023 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес
Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 5 тармағына және «Шектеу іс-шараларын оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс- шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығының 12 тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Алматы қаласының аудандарының әкімдері, мемлекеттік органдар, Кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекемелер, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары қамтамасыз етсін: 
1.1.« Ashyq» жобасын енгізу туралы Қазақстам Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздагы № 14 қаулысына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастыруды және енгізуді;
1.2.«Қазақстан Республикасыиың халкы арасында коронавирустык инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2022 жылғы 12 наурыздағы №12 және «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алын тастау туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы №13 Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларын іске асыруды.
2.«Алматы қаласындағы карантиндік шараларды жеңілдету туралы» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндет аткарушының 2022 жылғы 11 ақпандағы №4 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.Алпысбайұлы
Полная версия
ИС BestProfi