Алматы қаласында коронавирустық инфекция ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодсксінің 104-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қейбір қаулыларының қүшін жою туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 2 қаулысы
1. Қосымшаға сәйкес Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
2. Осы каулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 2 қаулысына қосымша
Күші жойылған Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулыларының тізімі
1. «Алматы каласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 04.07.2022 ж. №6 қаулысы;
2. «Алматы каласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдып алу жоніндегі одан әрі шаралар туралы» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.03.2022 ж. №5 қаулысы;
3. « Аshyq» жобасының объектілері бойынша» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28.01.2022 ж. №3 қаулысы;
4. «Алматы қаласындағы кәсіпкерлік объектілерінде «Аshyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 02.03.2021 ж. №7 қаулысы.
Полная версия