Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2023
Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы
Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 6 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.05.2023 жылғы № 2 Қаулысына сәйкес
Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияныц таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 102-бабының 1-тармағының, 104-бабының 2 тармақтарын сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласы бойышна кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), құқық қорғау және ариайы органдар, мекемелердің басшылары, жеке және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан:
1.1. «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияныц алдып алу шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 қаулысын іске асыруды жалғастыруды;
1.1. Әрбір 6 ай сайын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау қажеттілігі туралы халықпен белсенді ақпараттық- түсіндіру жұмысын жүргізуді;
1.3. COVID-19-ға карсы вакцинациялауга абсолютті қарсы корсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс нысапына (міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда) ауыстыруды;
1.4. КВИ-мен ауыратын жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс нысанына (міндеттерін кашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда) ауыстыруды;
1.5. барлық үй-жайларды желдете отырып, вентиляция және ауаны баптау жүйелерін тексеруді (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.). қамтамасыз етеін.
2. Аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлік палатасы (келісім бойынша), меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға халық көп жиналатын жабық үй-жайларда (СОО, сауда үйлері, жабық базарлар, ХҚКО, банктер, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт залдары, автовокзалдар, корермендері бар спорттық іс-шаралар, конференциялар) тамақ ішу кезіне, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық көлікте, метрода жол жүру, халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде маска киюді үсыну.
3. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы:
3.1. КВИ-мен ауыратын жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеуге және медициналық бақылауға ауыстыруды;
3.2. 7 күн ішінде БМСКК және телемедицина орталығы деңгейінде ауырлығы жеңіл және асимптоматикалық пациенттерді амбулаториялық бақылауды камтамасыз етеін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы 2022 жылғы 7 шілде сагат 00:00 бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Алпысбайұлы
Полная версия
ИС BestProfi