Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № ҚР ДСМ-20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26975 болып тіркелді
Редакция 21.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1034 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12956 болып тіркелген);
2) «Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7321 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі  А. Ғиният
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-20 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Кодексі 138-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген. Бұл Стандарт «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы принциптері мен талаптарын белгілейді.
2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
Полная версия
ИС BestProfi