Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
«4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейін қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.
ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.
Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды ең жоғары сатып алу лимиті 104 млрд теңгеден аспауға тиіс, АНК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.
АНК облигацияларын ең жоғары сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс, оның 140 млрд теңгеден аспайтын сомасы агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалуға тиіс. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалатын 70 млрд теңге сомаға АНК облигацияларын сатып алу үшін мемлекеттік кепілдіктің болуы талап етіледі.
ЕДБ-ның, лизингтік компаниялардың (бұдан әрі – ЛК) және АНК-нің тартылған қаражаты мен өз қаражаты:
1) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;
2) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс;
3) 400 млрд теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға жұмсалуға тиіс.
ЕДБ-мен, ЛК-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс пен қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы.
Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларға кредит беруге 30 млрд теңгеден аспайтын сома жұмсалады.
Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге және қаржылық лизингке кемінде 200 млрд теңге жұмсалады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ, ЛК мен АНК ШОБ жобаларын осы басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде (бұдан әрі – тетік) белгіленген шарттарда берілген кредиттер мен қаржылық лизингтің жалпы көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде қаржыландыруды және қаржылық лизингті қамтамасыз етеді.
ЕДБ мен АНК ЖКС жобаларына өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.
ЛК қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен береді.
Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі ЕДБ мен АНК шотына түскен күнінен бастап 12 айдан аспауға тиіс.
Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.
Бұл ретте ЕДБ, ЛК мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының және қаржы лизингінің 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жібере алады. Бұл шектеу ЕДБ, ЛК мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға және қаржылық лизингіне қолданылмайды. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.»;
«6. Осы тетік бойынша ЖКС-ні қаржылық қолдау шараларын іске асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – қаржы агенттігі) осы тетік бойынша оператор болып табылады. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерінің ақысын «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары) сәйкес бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган төлейді.»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында айқындалған және осы тетікке қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржылық лизингке арналған тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес экономиканың басым салаларында жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС-нің нысаналы тобы болып табылады. Бұл ретте жобаның нысаналы мақсатын растау үшін барлық экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiнің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) нақты бір түріне байланыстырылған тізбенің кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін ЭҚЖЖ түрлеріне жатқызу сәйкестік өлшемшарты болады.»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кредит беру/қаржылық лизинг, субсидиялау және кепілдік беру мерзімін, 10 жылды қоса алғанға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды бере алады.»;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғалар болып табылатын;»;
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ЖКС-нің ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.»;
«10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын ЕДБ кредиттеріне/ЛК қаржылық лизингіне кепілдік беріледі. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды. Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері сомасы 1 млрд теңгені қоса алғандағы сомадан аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан артық болмайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.
Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.
Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепіл құнын) кәсіпкер жабады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді).
Кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобалардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобалардың мониторингі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі. Кепілдік беру шеңберінде кәсіпкерді кредит бойынша қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті және қаржылық лизингті нысаналы пайдалануын мониторингтеуді;
2) ЕДБ-ға, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ӨДҚ), АНК-ге және ЛК-лер бойынша қаржылық лизинг ұсынылған қаражатты мақсатты және уақтылы қаржыландыру жөнінде ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына және Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде қаржы агенттігіне есеп жіберіп тұрады.»;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы 
№ 43 қаулысы
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы 
№ 43 қаулысы
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысы
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысы
4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысы
5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысы
6-қосымша
6-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысы
7-қосымша
7-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысы
8-қосымша
8-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысы
9-қосымша
9-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (02.02.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 ақпандағы
№ 43 қаулысы
10-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысы.
2. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 944 қаулысы.
3. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы.
4. «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамын «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 546 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.
5. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 225 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 491 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 736 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
Полная версия
ИС BestProfi