Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңы 6-бабының 7-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 наурызда № 27181 болып тіркелді
2. «Пана іздеген адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9592 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шапкенов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 18 наурыздағы № 97 Бұйрығына қосымша
Үлгі
Образец
сыртқы бет
лицевая страница
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Министерство труда и социальной защиты населения
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Герб Республики Казахстан
Полная версия

