Близость слов: Окончание:





Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ - 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27505 болып тіркелді
Редакция 11.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысының 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.12.2024 жылғы № 102 Бұйрығына сәйкес (30.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес медициналық ұйымдарда дәрігерлік-консультациялық комиссиялар құруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі  А. Ғиният
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ - 34
бұйрықпен бекітілген
Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже
1. Осы Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдарда құрылатын дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі–ДКК) қызметін регламенттейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.12.2024 жылғы № 102 Бұйрығына сәйкес (30.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi