Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 207 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
«200) реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 200-1), 200-2), 200-3) және 200-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«200-1) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
200-2) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
200-3) реттеушілік актілері кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізілуге жататын кәсіпкерлік қызметті реттеу салаларын айқындау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
200-4) реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысымен (02.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
мен толықтыруларға
қосымша
Осы Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысымен (02.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi