БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
«Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27574 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес
1. «Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 16361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«1. Осы Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және акциз бекеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Акциз бекеттері этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағына орнатылады.»;
«Акциз бекетінде болу нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндірушінің акциз бекетінде болу актісі немесе бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды өндірушінің акциз бекетінде болу актісі толтырылады.»;
7-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарына» (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 13607 болып тіркелген) сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарының жұмысын;»;
он төртінші және он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды араластыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілері крандарының (бұрандаларының);
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды босату (өткізу) крандарының пломбалануын;»;
«4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сәйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.»;
Полная версия

