Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 16361 болып тіркелді
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.04.2022 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (13.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12700 болып тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 248 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15305 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2017 жылғы 18 шілдеде Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және акциз бекеттерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.04.2022 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (13.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Акциз бекеттері этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулардың қоспаларын, экологиялық отынды және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағына орнатылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.04.2022 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (13.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)