Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 232 қаулысы
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері»;
«5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже), осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 15-тармағының 304), 305) және 444) тармақшаларын, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 15-тармағының 459) тармақшасын;
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 15-тармағының 651) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы20 сәуірдегі №232 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті;
Полная версия