Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.06.2025
«Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 сәуірде № 27682 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 27.05.2025 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес
1. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 20–баптарына БҰЙЫРАМЫН:»;
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидалары бекітілсін;»;
«4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары бекітілсін;»;
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар;»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидаларында:
«1. Осы концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және бағалау тәртібін айқындайды.»;
«Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін мониторинг жөніндегі ақпаратқа қосымша мыналар қоса беріледі:
шартты/мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің/концессияның қосымша келісімін тіркеу туралы куәліктің көшірмесімен концессия шартының және оған қосымша келісімнің (бар болса) көшірмесі;
Полная версия
ИС BestProfi