Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 мамырдағы № 123-VII Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне:
193-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «атом энергиясын пайдаланатын объектілер;» деген сөздерден кейін «патогендігі І топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын стационарлық ықтимал қауіпті биологиялық объектілер;» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
тақырып «ядролық материалдармен» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен тиісті рұқсатсыз жұмыс істеу –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
тақырыптағы «немесе ядролық материалдарды» деген сөздер «, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «немесе ядролық материалдарды» деген сөздер «, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырып «қағидаларын» деген сөзден кейін «немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға алып келген, аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
3. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 40-1), 40-2), 40-3), 40-4) және 40-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«40-1) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Полная версия
ИС BestProfi