Близость слов: Окончание:





Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 мамырда № 28243 болып тіркелді
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
исполняющий обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Р. Баймишев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрлігі 
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 286 бұйрығымен
бекітілген
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1. Осы Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құжаттың электрондық көшірмесі - түпнұсқа құжатты электрондық цифрлық нысанда толық түрін және ақпаратын (деректерін) баяндайтын құжат;
2) портал – «Қазақстандық қамту» интернет-порталының ақпараттық жүйесі;
3) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры (бұдан әрі – дерекқор) – отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;
Полная версия
ИС BestProfi