Близость слов: Окончание:





Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы
 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 8 маусым № 48/510 қаулы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Н. Әбдіров
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М. Ерман
Полная версия
ИС BestProfi