«Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерін, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын және жауапты құрылымдық бөлімшелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 206 бұйрығы
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес министрлікпен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың, комитеттердің, кеңестердің және олардың кіші комиссияларының, кіші комитеттердің, жұмыс топтарының қазақстандық бөлігінің тең төрағалары және қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың, комитеттердің, кеңестердің және олардың кіші комиссияларының, кіші комитеттердің, жұмыс топтарының қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері айқындалсын.
3. Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тең төрағаларымен және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен және өзгеде ұйымдарымен бірлесіп үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте үйлестірсін.
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті (Г.Т.Садықова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 434 бұйрығының күші жойылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 206 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне бекітілген Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігінің тең төрағалары және қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері
|
№ р/с |
Халықаралық ұйымдардың бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) атауы |
Қазақстандық бөлігі тарапынан тең төрағасы |
Жауапты құрылымдық бөлімшелер |
|
1. |
Қазақстан - британ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия |
Ә.Ө. Исекешев |
СЭЫД |
|
2. |
Қазақстан - сауд сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы жөніндегі комиссия |
Ә.Ө. Исекешев |
СЭЫД |
|
3. |
Қазақстан - түрік үкіметаралық экономикалық комиссия |
Ә.Ө. Исекешев |
СЭЫД |
|
4. |
Қазақстан - әмірлік сауда- экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссия |
Ә.Ө. Исекешев |
СЭЫД |
|
5. |
Қазақстан - Иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия |
Ә.Ө. Исекешев |
СЭЫД |
|
6. |
Қазақстан - француз экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия |
Ә.Ө.Исекешев |
СЭЫД |
|
7. |
Қазақстан - грузин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия |
Ж.М. Қасымбек |
СЭЫД |
|
8. |
Қазақстан - герман сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобы |
А.П. Pay |
СЭЫД |
|
9. |
Қазақстан - оңтүстік Корея сауда- экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия |
Р.С. Ошақбаев |
СЭЫД |
|
10. |
Қазақстан - жапон экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комитеті |
Р.С. Ошақбаев |
СЭЫД |
|
11. |
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның көлік жөніндегі кіші комиссиясы |
Ж.М. Қасымбек |
ТКЛДД |
|
12. |
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің көлік ынтымақтастығы жөніндегі кіші комитеті |
Ж.М. Қасымбек
|
ТКЛДД |
|
13. |
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің темір жол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті |
Ж.М. Қасымбек |
КК |
|
14. |
Қазақстан-түрік бірлескен көлік комиссиясы |
Ж.М. Қасымбек |
ТКЛДД |
|
15. |
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің геология және жер қойнауын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті |
А.П. Рау |
ГЖҚПК |
|
16. |
Қазақстан-үнді ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс тобы. |
Т. Б. Қазанғап |
БААК |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 206 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың, комитеттердің, кеңестердің және олардың кіші комиссияларының, кіші комитеттердің, жұмыс топтарының қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері
|
№ р/с |
Халықаралық ұйымдардың бірлескен үкіметаралық комиссиялардың атауы |
Жауапты құрылымдық бөлімшелер |
|
1. |
«Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы (жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі) |
АК |
|
2. |
Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссиясы (жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі) |
СЭЫД |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СЭЫД - Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті
ТКЛДД - Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті
АК - Аэроғарыш комитеті
БААК - Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті
ГЖҚПК - Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
ИК - Инвестициялар комитеті
ИДӨҚК - Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
КК - Көлік комитеті

