Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.02.2016
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Премьер-Министрдің орынбасары-Министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 434 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.02.2016 жылғы № 206 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 24.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - ҮАК) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелер айқындалсын.
2. Жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары:
1) ҮАК отырыстарын уақытында және сапалы өткізуді;
2) Халықаралық ынтымақтастық департаменті есептік тоқсанның соңғы айының 10 күнінен кешіктірмей әр тоқсан сайын ҮАК отырысының хаттамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларды орындау барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық ынтымақтастық департаменті есептік тоқсанның соңғы айының 25 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне әр тоқсан сайын ҮАК отырысының хаттамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларды орындау барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауаптыларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Премьер-Министрдің орынбасары - Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министpiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2011 жылғы «28 қараша»
№ 434 бұйрығымен бекітілген
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші Комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты кұрылымдық бөлiмшелер
Бөлімшелер жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министpiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 24.12.2012 жылғы № 466 Бұйрығына сәйкес (28.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)

р/с

Шeт елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) атауы

Жауапты тұлғалар, жауапты кұрылымдық бөлімшелер

1

2

3

1.

Қазақстан-сауд сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы жөніндегі комиссия

Ә.Ө. Исекешев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

2.

Қазақстан-британ сауда-өнеркәсіп кeңeci

Ә.Ө. Исекешев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

3.

Қазақстан-француз экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкiметаралық комиссия

Ә.Ө. Исекешев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

4.

Қазақстан-әмірлік сауда- экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен комиссия

Ә.Ө. Исекешев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

5.

ҚаҚазақстан-түрік үкiметаралық экономикалық комиссия

 

Ә.Ө. Исекешев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

6.

Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық байланыстары жөніндегі комиссия

А.П. Pay

ХЫД

(O.Қ. Раев)

7.

Қазақстан-герман сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобы

А.П. Pay

ХЫД

(O.Қ. Раев)

8.

«Қазақстан-Төменгі Саксония» жұмыс тобы

А.П. Pay

ХЫД

(O.Қ. Раев)

9.

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің геология және жер қойнауын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті

Н.Е. Сауранбаев

ГЖҚПK

(А.А. Надырбаев)

ЖҚПД

(Е.И. Жақатаев)

10.

Қазақстан-жапон экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комитет

Б.М. Жақсалиев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

11.

Қазақстан-Оңтүстік Корея сауда- экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия

Б.М. Жақсалиев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

 

12.

Қазақстан - Чех сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия

Б.М. Жақсалиев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

13.

Қазақстан-Словакия экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі үкiметаралық комиссия

Б.М. Жақсалиев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

14.

Қазақстан Республикасындағы қысқартылуға тиіс ядролық қаруды жою саласындағы Қазақстан-жапон ынтымақтастығы жөніндегі комитет

Б.М. Жақсалиев

ХЫД

(O.Қ. Раев)

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ХЫД - Халыкаралық ынтымақтасық департаменті
ЖҚПД - Жер қойнауын пайдалану департаменті
ГЖҚПК - Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
Полная версия
ИС BestProfi