Близость слов: Окончание:





Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысы
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының 12, 13, 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 маусымдағы № 429
 қаулысымен
бекітілген
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары
1. Осы Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес әзірленді және барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) үшін мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттарды, істер мен басылымдарды ресімдеу, есепке алу, көбейту, сақтау, пайдалану, мемлекеттік сақтауға іріктеу мен беру және жоюға бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қамтитын қызметтік ақпаратпен жұмыс тәртібіне қолданылмайды.
3. «Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі – «ҚБП») және (немесе) «Жасырын» белгілері бар құжаттарда, істер мен басылымдарда, электрондық және өзге де жеткізгіштерде тіркелген таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа таратылуына қызметтік қажеттілікпен шектеу қойылған мәліметтер жатады.
Ашық жариялау деп материалдарды ашық баспасөзде жариялау (оның ішінде интернет-ресурста орналастыру), оларды радио мен телевизия арқылы тарату, ашық конференцияларда, кеңестерде, симпозиумдарда жария ету, кинофильмдерде көрсету, музейлерде, көрмелерде экспонат ретінде көрсету, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды көпшілік алдында қорғау, қолжазбаларды сақтауға беру түсініледі.
4. Жұмысында таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты пайдаланатын адамдар ақпаратты қорғау, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өздері алған мәліметтерді сақтау және жария етпеу жөніндегі талаптарды орындайды.
5. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеуге жіберілген жұмыскерлер осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта заңдардағы ережелерден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
6. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау – осындай ақпараттың құқыққа сыйымсыз жария етілуіне, қолжетімділігіне, жойылуына, өзгертілуіне, көшірме жасалуына және оған қатысты өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттерді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдау;
2) ақпарат – адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы ақпарат иеленуші алған немесе жасаған, кез келген жеткізгішке түсірілген және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар мәліметтер;
Полная версия
ИС BestProfi