«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19959 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 29.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.06.2022 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2023 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының үлгілік нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру шартының үлгілік нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру шартының үлгілік нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде Жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шартының үлгілік нысаны;
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2023 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р. Даленов
Полная версия