Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2024
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 шiлдедегi № 505 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
«1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) 2018 – 2023 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.»;
1) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша импорт үлесін 2024 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға төмендету;
2) қарапайым заттар экономикасы өнімдерін шығаруды 2024 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға өсіру.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне байланыстырылған және 1,5 пайыздық тармақтан асырылмай ұлғайтылған қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейін өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды сатып алудың ең жоғары лимиті 182 млрд теңгеден, бірақ бір ЕДБ-ға меншікті капиталдың 1,5 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, ал АКК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд, теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ лимитті ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.»;
«Тетік шеңберінде қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайды;»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«субсидиялау және кепілдік беру мерзімі – қоса алғанда 5 жылға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды ұсына алады.»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
1) кредиттік бюроның деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінім беру сәтінде күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар;
2) ЕДБ-мен, ЛК-мен және АКК-мен байланысты, қаржыландыруды немесе қаржылық лизингті жүзеге асыратын тұлғалар болып табылатын ЖКС жобалары қаржыландыруға жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар бойынша ЖКС-ны қаржыландырған кезде жобаларды іріктеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады:
1) әрбір күнтізбелік жыл үшін тетікке қатысқанға дейінгі алдыңғы 3 жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салық төлемдерінің көлемі ЖКС-нің өндіріс объектісі орналасқан жер бойынша жергілікті бюджеттің жалпы кірісінің сомасына балама немесе оның кемінде 10 %-ын құрайды;
2) тетікке қатысқанға дейінгі соңғы күнтізбелік 3 жылда ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын ЖКС төлеген салықтардың жыл сайынғы мөлшері 1 600 000 АЕК-тен төмен емес.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнім шығаратын тұлғалар үшін мынадай талаптар қойылады:
100 % инвестициялық мақсаттар: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын ұлғайту немесе кірісті 20 %-ға өсіру;
қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 50 %-дан аспайтын мөлшерде толықтыруға: жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайтуға және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін табысты 20 %-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді).»;
«9. ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Өңдеу өнеркәсібіндегі, агроөнеркәсіптік кешендегі көрсетілетін қызметтер және қайта өңдеу бойынша ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ЖКС-нің ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 7 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.
ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 7,5 %-ын ЖКС төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің күші 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Инвестицияларға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 жылдан аспайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылдан аспайды.
Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЖК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те субсидиялауға жатады.
Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.
Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және ЕДБ/ЛК шешім қабылдаған күнге 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды. Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері сомасы қоса алғанда 1 млрд теңгеден аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.
Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.
Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепіл құнын) кәсіпкер жабады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді).
Инвестицияларға, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (оның ішінде жаңартылатын негізде) ЕДБ кредиттері/ЛК қаржылық лизингі кепілдендіруге жатады.
Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЖК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те кепілдендіруге жатады.
Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.
Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларға кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі. Кепілдік беру шеңберінде кәсіпкердің кредит бойынша қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.»;
басым жобаларға кредит және қаржылық лизинг беру тетігіне қосымшада:
басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг беруге арналған тауарлар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 51-жолмен толықтырылсын:

51

Өзге де тауар позициялары

151

Тазарту, ректификациялау және араластыру

11.01.0

Спирттік ішімдіктерді өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту

2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (19.07.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 19 шiлдедегi № 505
 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (19.07.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 19 шiлдедегi № 505
қаулысына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (19.07.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 19 шiлдедегi № 505
 қаулысына
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (19.07.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 19 шiлдедегi № 505
 қаулысына
4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (19.07.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 19 шiлдедегi № 505
 қаулысына
5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (19.07.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi