Близость слов: Окончание:





«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 509 қаулысы
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге енгізілетін өзгерістер мақұлдансын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қосымша келісімге қол қойылсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 20 шiлдедегi № 509
 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) іс-шаралар жоспары – Қор немесе ұйым қызметінің негізгі бағыттарын және олардың қызметінің бес жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштерін айқындайтын, Директорлар кеңесі бекітетін құжат;
5) компаниялар – ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қызметтің негізгі көрсеткіштері (индикаторлары) (бұдан әрі – ҚНК) – Қор немесе ұйым қызметінің тиімділік деңгейін сипаттайтын, тұтастай алғанда олардың, сондай-ақ Қордың немесе ұйымның басшы жұмыскерлері қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер (ҚНК-нің Қордың немесе ұйымның іс-шаралар жоспарының құрамында бекітілетін және олардың жоспарлы және есепті кезеңдердегі ішіндегі қызметінің нәтижелеріне сәйкес келетін сандық мәні болады);»;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару қағидаттары» деген 1-бөлімде:
Полная версия
ИС BestProfi