Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.02.2024
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 543-Ө бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 10.02.2023 жылғы № 38-Ө Бұйрығына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.02.2024 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 10.02.2023 жылғы № 38-Ө Бұйрығына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 5-Ө бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 5-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 қазандағы № 447-п бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2022 жылғы 20 шiлдедегi № 543-Ө
 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 10.02.2023 жылғы № 38-Ө Бұйрығына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегіндегі ведомство болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 10.02.2023 жылғы № 38-Ө Бұйрығына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің құқықтық актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Полная версия
ИС BestProfi