«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 46 бұйрығы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 543-Ө бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 543-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 38-Ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы «___» ___________ № ____ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында басшылықты жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы, мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Полная версия