Близость слов: Окончание:





Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 04.10.2023 жылғы № 303 Бұйрығына сәйкес (06.06.2023  ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7- қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 24, 29, 34, 44  тармақтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 23.09.2022 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (03.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетов
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына
1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Полная версия
ИС BestProfi