Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 12 тамыз 2019 жылғы № 143 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 21-тармағы 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып,БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  28 қарашадағы № 72 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік)құрылымдық бөлімшелерінің,аумақтық органдарының жәневедомстволық бағынысты ұйымдарыныңбасшылары Регламентті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін.
4. Агенттіктің Заң департаментіосы бұйрықтыңАгенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2019 жылғы 12 тамыздағы
№ 143 бұйрығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің регламенті
1.	Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жүктелген функцияларды орындау процесіндегі Агенттіктің қызметінің жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бекітіледі.
2. Агенттіктің қызметі жариялылық жағдайларында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін деңгейде жүзеге асырылады.
Агенттіктің бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын ресми хабарламасына арналған материалдар, анықтамалар, заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы қорытулар Төрағамен, жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен келісілгеннен кейін Агенттіктің жұртшылықпен байланыс департаментіне (бұдан әрі - ЖБД) беріледі. Осы материалдардағы мәліметтерді дайындаған құрылымдық бөлімшелердің басшылары олардың дұрыстығы мен толықтығына жауапты болады.
3. Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарды қабылдау, өңдеу мен бөлу, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі), «Электрондық құжат айналымы мен электрондық цифрлық қолтаңба туралы» (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы туралы Заң) заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Регламентте айқындалады.  
Құпия іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулыққа) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 30.06.2021 №110; жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 12.05.2022 № 95 бұйрығымен. 
4. Агенттікте ұзақтығы сегіз сағаттық жұмыс уақыты белгіленді, жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы – 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Осы жұмыс режимі Агенттіктің аппарат басшысының шешімімен өзгертілуі мүмкін.
Полная версия
ИС BestProfi