Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысы
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 506 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 27.09.2024 жылғы № 791 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 27.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті болып өзгертілсін.
1) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларбекітілсін.
4. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;
Полная версия
ИС BestProfi