Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 297 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 165 қаулысы
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекiтiлсiн.
2. «Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 297 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын, 5-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларында:
«Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өзге санаттарға жатқызу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығымен бекітілген Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларына сәйкес өмірде қиын жағдай туындаған, бірақ бір тоқсаннан аспайтын кезеңге жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 1045 қбп қаулысымен бекітілген үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық осалдығы мен тұрақтылығын бағалау әдістемесі қолданылады.»;
«Пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен және тәрбиеленушілермен оқу жоспары мен бағдарламалар бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс қосымша сабақ ұйымдастыруды мемлекеттік білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын цифрлық технологиялар және телекоммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырады.».
2. «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде:
«16. Мемлекеттік стипендия осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген оны тағайындау туралы бұйрықтың негізінде төленеді.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы Заңның 1-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік атаулы стипендияны қоспағанда, мемлекеттік стипендия төлеуді жүзеге асырады.».
Полная версия

