Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.02.2012 № 266 (07.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Осы Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2022 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (03.09.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.09.2022 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 7-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2022 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (03.09.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.09.2022 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.02.2012 № 266 (07.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 116 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері
Қағида жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.02.2012 № 266 (07.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2014 жылғы № 276 Қаулысымен (28.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2014 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылғы № 1134 Қаулысымен (31.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.06.2016 жылғы № 327 Қаулысымен (30.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.06.2016 жылы № 116 (28844) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.11.2017 жылғы № 702 Қаулысымен (03.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2018 жылғы № 651 Қаулысымен (01.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.05.2019 жылғы № 359 Қаулысымен (16.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 859 Қаулысымен (31.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.01.2020 жылғы № 12 Қаулысымен (20.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2020 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2020 жылғы № 498 Қаулысымен (28.01.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.11.2020 жылғы № 736 Қаулысымен (05.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.09.2021 жылғы № 612 Қаулысымен (04.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2022 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес (03.09.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.09.2022 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
1. Осы Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың мөлшерлерін айқындайды.
2. Мемлекеттік стипендиялар білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидент- дәрігерлерге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына (бұдан әрі – алушылар) тағайындалады және төленеді.
3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендияларды, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын мемлекеттік атаулы стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібіне қолданылмайды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.08.2023 жылғы № 703 Қаулысына сәйкес (10.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, резидент-дәрігерлеріне, дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына стипендия тағайындау және төлеу тәртібі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
2-тарау. Мемлекеттік стипендияны тағайындау тәртібі
5. Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелері бойынша «үздік», «жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады.
6. Докторанттарға, резидент-дәрігерлерге және дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия бүкіл оқу кезеңіндегі аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелеріне қарамастан бүкіл оқу мерзіміне тағайындалады.
7. Бірінші академиялық кезеңге мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бірінші курсқа (бірінші оқу жылына) қабылданған барлық студенттерге, магистранттарға 1 қыркүйектен немесе 1 қаңтардан бастап бірінші академиялық кезең мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін тағайындалады.
Келесі академиялық кезеңдерде мемлекеттік стипендия студенттерге, магистранттарға осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес алдыңғы академиялық кезеңдегі аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша тағайындалады.
8. Аралық аттестаттауды (емтихан сессиясын) академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде дәлелді себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, дүлей апаттар, академиялық немесе кредиттік ұтқырлық бойынша оқу) тапсырмаған студенттерге, интерндерге, магистранттарға білім беру ұйымының басшылығы білім алушы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін аралық аттестаттау (емтихан сессиясын) тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді.
Тапсырылған аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша білім алушылардың аталған санатына осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік стипендия тағайындалады.
9. Бір оқу орнынан басқасына ауысқан студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады.
10. Академиялық демалыстан оралған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендияны тағайындау оқу жоспарларындағы академиялық айырма жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия олар оралған кезден бастап осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады.
Тиісті медициналық қорытындысы бар болса, туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидент-дәрігерлерге, докторанттарға мемлекеттік стипендия алдыңғы семестрдің қорытындысына қарамастан еңбекке жарамсыздық кезеңіне, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күннен бастап он айдан аспайтын кезеңге тағайындалады.
11. Студенттер, интерндер, магистранттар, докторанттар, резидент- дәрігерлерге бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.
12. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау білім алушылардың үлгерімін бақылау жүктелген бөлімше бастығының қызметтік жазбасы (ұсынуы) негізінде білім беру ұйымы басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен жүргізіледі.
13. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау:
1) шығарылу себебіне қарамастан, білім алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда;
2) білім алушы қайтыс болған жағдайда;
3) білім алушы оқу бітіргеннен кейін оқу бітіргені туралы бұйрық шыққан күнінен бастап тоқтатылады.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген жағдайлар бойынша мемлекеттік стипендияларды тағайындауды тоқтату білім беру ұйымы басшысының немесе оны алмастыратын адамның тиісті бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады.
15. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдарға және есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдарға, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балаларға мемлекеттік стипендия растайтын құжаттар тапсырылған күннен бастап және емтихан сессиясының нәтижелері бойынша академиялық берешегі болмаған кезде ұлғайту ескеріліп тағайындалады.
3-тарау. Мемлекеттік стипендияны төлеу тәртібі
16. Мемлекеттік стипендия осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген оны тағайындау туралы бұйрықтың негізінде төленеді.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысымен (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік стипендияны төлеуді («Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 13-1-тармағына сәйкес) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген адамдардың бюджет қаражатының шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға (бұдан әрі – оператор):
әкімшісі ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган болып табылатын тиісті бюджеттік бағдарламалардың қаражаты шеңберінде;
әкімшілері тиісті саланың өзге уәкілетті органдары болып табылатын тиісті бюджеттік бағдарламалардың қаражаты шеңберінде келісу бойынша жүзеге асырады.
17. Мемлекеттік стипендияларды төлеу айдың 10-шы күніндегі жағдай бойынша оператор алушылардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін толық ай үшін бөлшектемей жүзеге асырылады, бұл бірінші курстың бірінші семестрінде оқитын білім алушыларға қолданылмайды, олардың сәйкестігін тексеру қыркүйекте 30 қыркүйектегі жағдай бойынша, ал келесі айларда осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген фактілерді анықтау үшін айдың 10-шы күніндегі жағдай бойынша жүргізіледі.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Мемлекеттік стипендияларды төлеу шеңберінде оператордың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылы «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары «Жоғары білімнің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесі арқылы ағымдағы айдың 12-ші күнінен кешіктірмей операторға өздерінде оқып жатқан алушылар туралы, олардың аралық аттестаттау нәтижелері (емтихан сессиясы), осы Қағидаларға сәйкес алушылардың санаттары, сондай-ақ алушылардың таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте не Ұлттық пошта операторында ашылған олардың ағымдағы шоттарының деректемелері туралы дұрыс деректерді ұсынады. Егер 12-ші күн жұмыс істемейтін күнге келетін болса, одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзім аяқталатын күн болып есептеледі.
Оператор жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынған мәліметтерді қарайды және қаржыландыруға өтінімдерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға, тиісті саланың өзге де уәкілетті органдарына мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган, тиісті саланың өзге де уәкілетті органдары алушылардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін оператордан қаржыландыруға өтінімдерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік стипендия төлеу үшін операторға қаражат аударуды жүзеге асырады.
19. Мына:
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары операторға ұсынған мәліметтерде алушылардың деректемелері дұрыс көрсетілмегендіктен, аударылған мемлекеттік стипендия сомалары екінші деңгейдегі банктерден қайтарылған (бұл жағдайда мемлекеттік стипендияны алушылардың есебіне жатқызу екінші деңгейдегі банктер төлемді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынған алушылардың ағымдағы шоттарының дұрыс деректемелерін ескере отырып толық өткізгенге дейін жүргізіледі);
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары операторға алушылардың деректері дұрыс толтырылмаған мәліметтерді ұсынған (бұл жағдайда мемлекеттік стипендияны алушылардың есебіне жатқызу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мәліметтерді түзеткеннен кейін және ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органнан, тиісті саладағы өзге де уәкілетті органдардан операторға мемлекеттік стипендия төлеу үшін қаражат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі);
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мәліметтерді операторға техникалық себептер бойынша осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген мерзімнен кешіктіріп ұсынған (бұл жағдайда мемлекеттік стипендияны алушылардың есебіне жатқызу ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органнан, тиісті саладағы өзге де уәкілетті органдардан операторға мемлекеттік стипендия төлеу үшін қаражат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі) жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік стипендия төлеу оның сомасын алушылардың таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте не Ұлттық пошта операторында ашылған алушылардың ағымдағы шоттарына ағымдағы айдың соңына дейін аудару жолымен жүзеге асырылады.
Алушыларға мемлекеттік стипендия аударуға негіз болған мәліметтерді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түзетуі себебінен оператордың тиісті ағымдағы шотында мемлекеттік стипендиялардың артық сомасы қалыптасқан жағдайда ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган, тиісті саладағы өзге де уәкілетті органдар мемлекеттік стипендия төлеу үшін аударған қаражатты қайтаруды оператор:
1) қаржы жылы ішінде – ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның, тиісті саладағы өзге де уәкілетті органның ағымдағы шотына;
2) қаржы жылының қорытындысы бойынша – республикалық бюджеттің кірісіне жүргізеді.
19-1. «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесіндегі алушылар жөніндегі деректердің анықтығын және дұрыстығын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қамтамасыз етеді. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының дұрыс емес мәліметтер ұсынуына байланысты мемлекеттік стипендия алушылардың есебіне қате жатқызылған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қате есепке жатқызылған мемлекеттік стипендия сомаларын алушылардың операторға қайтаруын қамтамасыз етеді.
3-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің іркіліссіз жұмыс істеуін және ондағы алушылар жөніндегі деректердің сақталуын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
Операторға мемлекеттік стипендия төлеу үшін қаражаттың уақтылы аударылуын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган, тиісті саладағы өзге де уәкілетті органдар қамтамасыз етеді.
Алушылардың ағымдағы шоттарына мемлекеттік стипендия сомаларының уақтылы аударылуын және мемлекеттік стипендия төлеу бойынша есеп-қисаптарды жүзеге асыруды оператор қамтамасыз етеді.
20. Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудан (емтихан сессиясынан) және каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін ай сайын төленеді. Бітіруші курстарда оқып жүргендерге мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты оқудан шығарылған күніне дейінгі кезең үшін төленеді.
21. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жүрген адамдарға мемлекеттік стипендия растайтын құжаттар тапсырылған күннен бастап және емтихан сессиясының нәтижелері бойынша академиялық берешегі болмаса, ұлғайту ескеріле отырып төленеді.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22. Мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидент-дәрігерлерге, докторанттарға мемлекеттік стипендия жазғы каникул кезеңіне екі ай (шілде, тамыз) үшін жиынтықтап төленеді.
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23. Кәсіптік практика, жазғы каникулдар кезеңінде, сондай-ақ жалақы төленетін жұмыс орындары мен лауазымдарда жұмыс істеген кезеңде студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен төленеді.
24. Медициналық қорытындының (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның қорытындысы) негізінде берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, резидент-дәрігерлер, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.
24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Медициналық қорытындының (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның қорытындысы) негізінде академиялық демалыста жүрген студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидент-дәрігерлерге, докторанттарға, мемлекеттік стипендия осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген мөлшерде белгіленеді.
25. Жүктілігіне және босануына байланысты демалыс кезеңіне студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидент-дәрігерлерге, докторанттарға мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген бүкіл мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шыққанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді.
Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама ұсынылған кезде академиялық демалыс тоқтатылып, жүктілігіне және босануына байланысты демалыс ресімделеді.
4-тарау. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға берілетін мемлекеттiк стипендияның мөлшерлерi
26. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендия осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде белгіленеді.
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.08.2023 жылғы № 703 Қаулысына сәйкес (10.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
27-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.08.2023 жылғы № 703 Қаулысына сәйкес (10.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
28. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
28-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша тек «үздік» деген бағалары бар студенттер мен магистранттардың білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде жоғарылатылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.
29-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік стипендияның мөлшерлерін жоғарылату осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
30. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экологиялық апат аймағында тұратын білім алушыларға стипендия төлеу экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін коэффициент қолданыла отырып белгіленеді.
31. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толықтай мемлекет қамтамасыз ететін студенттер мен магистранттарға мемлекеттік стипендия тиісінше студенттер мен магистранттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
32. Медициналық қорытындының негізінде академиялық демалыстағы студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидент-дәрігерлерге мемлекеттік стипендия академиялық демалыс уақытына тиісінше докторанттардың, резидент-дәрігерлердің, студенттердің, интерндердің, магистранттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) пайызы (мүгедектігі бар адамдарға – 75 (жетпіс бес) пайыз) мөлшерінде белгіленеді.
Мемлекеттік стипендияларды
тағайындау, төлеу қағидаларына
және олардың мөлшеріне
1-қосымша
Осы Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері
Мемлекеттік стипендияларды
тағайындау, төлеу қағидаларына
және олардың мөлшеріне
2-қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 518 Қаулысына сәйкес (17.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Р/с

Алушылардың санаты

Мемлекеттік стипендияның мөлшері, айына (теңге)

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап

1

2

3

4

1

Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттер

43 574

43 574

2

Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер

41 896

41 896

3

Даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер

47 135

52 372

4

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттер

75 600

84 000

5

Интерндер

85 376

94 862

6

Магистранттар, оның ішінде оқуға мемлекеттік органдар жібермеген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігі академиясының магистранттары

107 061

117 098

7

Мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігі академиясының магистранттары

(оқуға түскен кезде соңғы жұмыс орнында белгіленген лауазымдық айлықақысы мөлшерінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес)

-

-

8

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттар

200 000

218 750

9

Даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлер және магистранттар

123 122

134 664

10

Докторанттар, оның ішінде даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттар

240 000

262 500

11

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары (ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшерінің сексен бес пайызы деңгейінде)

40 065

44 516

Мемлекеттік стипендиялардың мөлшерлерін жоғарылату

Р/с №

Стипендиаттар тізбесі

Мемлекеттік стипендияның белгіленген мөлшеріне қатысты мөлшерлерді пайызбен жоғарылату

1

2

3

1

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдарға және есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдарға

75

2

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген студенттерге, магистранттарға және интерндерге

50

3

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) балалар қатарындағы студенттерге, магистранттарға және интерндерге

30

4

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «үздік» деген бағалары бар студенттерге, магистранттарға

15

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 116 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1254 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 430-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 шілдедегі N 770 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 234-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы N 473 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 213-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 12, 157-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 44, 553-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 453 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 250-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 515 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 22, 271-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi