Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.02.2008
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1254       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.02.2008. № 116 Қаулысымен. (12.08.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк білiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықтағы: 
бiрiншi абзацтағы "гранты (тапсырысы)" деген сөздер "тапсырысы (гранты), сондай-ақ бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
1) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөздiң алдынан "бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн" деген сөздермен толықтырылсын; 
5-тармақта "2,15 есе мөлшерiнде" деген сөздер "2,45 есе мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"грант (тапсырыс)" деген сөздер "тапсырыс (грант)" деген сөздермен, "жақсы" және "өте жақсы" деген бағалар алған" деген сөздер "жақсы", "өте жақсы" деген бағалар алған" деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Жоғары оқу орындарының студенттерi, магистранттары, интерндерi, бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының оқушылары болып табылатын барлық үлгерушi (емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша қарызы немесе аралық аттестацияның нәтижелерi бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ) жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттiк стипендия тағайындалады";
26-тармақтың үшiншi абзацындағы "үш" деген сөз "бiр жарым" деген 
сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулыны 2000 жылы iске асыру республикалық және жергiлiктi 
бюджеттерде стипендияларды төлеуге көзделген қаражат есебiнен және шегiнде 
жүзеге асырылсын. Алдағы жылдары көрсетiлген мақсатқа қажеттi қаражат 
тиiстi бюджеттердiң шығыстары құрамында белгіленген тәртiппен көзделсiн.
     3. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К. 
      
      
Полная версия
ИС BestProfi