Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 және «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 522 қаулысы
Редакция 24.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) жарғысында:
«36. Жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді Жалғыз акционер қабылдайды.
Жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер Жалғыз акционер дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған кезде белгілеген мерзімде төленеді.
Бұл ретте Жалғыз акционердің шешімі бойынша жай акциялар бойынша дивидендтерді Жалғыз акционердің дивидендтер төлеу туралы шешімінде белгіленген мерзімдерде және мөлшерде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша төлеуге жол беріледі.
Осы тармақта көрсетілген дивидендтерді төлеу Қордың тиісті кезеңдегі қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
«104. Жалғыз акционердің талабы бойынша Қор оған «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құжаттардың көшірмелерін Қорға осындай талап келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.
Құжаттардың көшірмелерін бергені үшін төлем мөлшерін Қор белгілейді және ол құжаттардың көшірмелерін дайындауға жұмсалған шығыстардың құнынан және Жалғыз акционерге құжаттарды жеткізуге байланысты шығыстар төлемінен аспайды.
Қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қамтитын, Қордың бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналымға жіберудің және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар танысу үшін Жалғыз акционерге оның талабы бойынша берілуге тиіс.»;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысымен (02.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия
ИС BestProfi