Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығы.
Редакция 29.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінін жинағында жариялануға тиіс
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1-Бөлім.
Паспорт (негізгі параметрлер)
|
Атауы |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы |
|
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауы, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы |
|
Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
|
Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, ұйымдар |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері |
|
Іске асыру мерзімі |
2022 - 2030 жылдар |
2-Бөлім.
Ағымдағы ахуалды талдау
2.1. Бюджет саласындағы қолданыстағы мемлекеттік реттеуді бағалау
Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап бюджеттік реттеу жүйесін қалыптастыру мен жетілдірудің ұзақ жолынан өтті.
Бюджет саласында бірқатар маңызды, өзара байланысты және жақсы ойластырылған реформалар жүргізілді.

