Близость слов: Окончание:





Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
   Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29862 болып тіркелді
Редакция 09.11.2025 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е. Карашукеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2022 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 295 бұйрығымен бекітілген
Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібін айқындайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) геоним – көшелер, алаңдар, желілер, аллеялар, бульварлар, жолдар, жағалаулар, тұйық көшелер, даңғылдар, өтпе жолдар үшін жалпылама ұғым;
2) географиялық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ГАЖ) – Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзгеше пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 03.03.2023 жылғы № 81 Бұйрығына сәйкес (21.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) елді мекен – халқының саны 50 адамнан кем емес, азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын Қазақстан Республикасының жинақы қоныстанған аумағының бір бөлігі;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 жылғы № 416 Бұйрығына сәйкес (03.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi