Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қазанда № 30350 болып тіркелді
Редакция 14.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е. Карашукеев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 26 қазандағы № 342 бұйрығымен бекітілген
Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және топыраққа бонитирлеу жүргізу кезінде қолданылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 жылғы № 82 Бұйрығына сәйкес (26.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жер учаскесi – Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) топырақ бонитеті – топырақ өнімділігін интегралды бағалау;
4) топырақты бонитирлеу – топырақтың сапасын және ауыл шаруашылығы алқаптарының табиғи өнімділік қабілетін салыстырмалы бағалау.
Полная версия

