Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
«Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 884 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеде:
«Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ереже»;
«3) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің өңірлік деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жетекшілік ететін салада (аяда) немесе өңірде іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі.»;
«4. Сараптама кеңесінің құрамы ұлттық палатаның, өзін-өзі реттеу ұйымдарының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген өзге де коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңесінің құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері енгізіледі.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттiк органдар жанындағы сараптама кеңесінiң құрамына ұжым мүшесі ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.
5. Сараптама кеңесінің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан (орынбасарларынан), хатшысынан және кеңес мүшелерінен тұрады.
Жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі басқарады.
Орталық мемлекеттік органдар жанынан құрылатын сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен, ал жергілікті атқарушы органдар жанынан облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.»;
«4) кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлердің өңірлік деңгейде шешуді талап ететін проблемалық мәселелерін шешу, кәсіпкерлікті қорғау тәсілдері мен тетіктерін жетілдіру жөнінде шешімдер іздеу мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар тұжырымдау бойынша ұсынымдар енгізуі;»;
«11. Сараптама кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптама кеңестерінің отырыстары өңірлік деңгейде шешуді талап ететін мәселелер міндетті түрде қаралып, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.»;
«13. Егер кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптама кеңесінің қарауына шығарылуы мүмкін.»;
«16. Мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіскен жағдайда жобаға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесінің мүшесіне және ұлттық палатаға келіспеу себептерін негіздей отырып, жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған мiндеттi қосымша болып табылады.
Жобаға «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптама қорытындысы ұсынылмаған жағдайда жоба ескертусіз келісілді деп есептеледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия
ИС BestProfi