Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2026
«Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы №142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 1215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30877 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 12.09.2025 жылғы № 492 Бұйрығына сәйкес 
1. «Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16404 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесінде:
47-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы Е. Биржанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi