Близость слов: Окончание:





Жеңілдікті салық салынатын  мемлекеттер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 16404 болып тіркелді
Редакция 01.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 294-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Ж. Д. Іңкәрбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;  
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен бекітілген
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тiзбесi
15. Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
16. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).
18. Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары.
20. Малайзия (Лабуан анклавы аумағы бөлігінде ғана).
23. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 25.09.2020 жылғы № 920 Бұйрығына сәйкес (08.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26. Португалия Республикасы (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
32. Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағы бөлігінде ғана).
35. Нидерланды Корольдігі (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана).
36. Нигерия Федеративтік Республикасы.
37. Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
46. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
47. Америка Құрама Штаттары (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
5) тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алып тасталды ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 1215 Бұйрығына сәйкес (25.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
52. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы.
54. Француз Республикасы (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
56. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 142 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1.«Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы  № 595 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10097 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде  2015 жылғы 27 қаңтарда жарияланған);
2.«Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы  № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10462 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған);
3.«Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы  № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 393 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11833 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған);
 4. «Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 480 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14296 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi