Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2018
"Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 139 бұйрығы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10462 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 13 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 ж. № 142 Бұйрығына сәйкес
1. «Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10097 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiнде:
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (У. Әмірханұлы) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi