Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 718 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31151 болып тіркелді
Редакция 10.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі –Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 11-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі К. Ускенбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Ғылым және жоғары білім министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Цифрлық даму, инновациялар және
 аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрінің
2022 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 718
Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10160 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігінде:
«2. Бұл тетікте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
2) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;
3) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
Полная версия
ИС BestProfi