Близость слов: Окончание:





Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 118 қаулысы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31304 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық депозитарий есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес акцияларды ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Орталық депозитарийдің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмейтін мерзімде;
2) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде;
3) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілік есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде;
4) тоқсан сайын – осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.
1) «Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 263 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17813 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22309 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулылары тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Полная версия
ИС BestProfi