Близость слов: Окончание:





Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 119 қаулысы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31429 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақша қалдықтары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес орналастырылған салымдар туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «кері репо», репо операциялары туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес инвестициялық кірістер туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылған кепілдік төлемдері, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдер туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес меншікті активтерді инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есептілікті табыс ету қағидалары бекітілсін.
2. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көзделген есептілікті ұсынады.
Полная версия
ИС BestProfi