Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2023
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1138 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 29 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.08.2023 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023 – 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Полная версия
ИС BestProfi