Близость слов: Окончание:





Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 31724 болып тіркелді
Редакция 15.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 18) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 25.08.2023 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (04.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 25.08.2023 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (04.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С. Нурбек
Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрінің
2023 жылғы 4 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
1-қосымша
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 25.08.2023 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (04.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-3-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 25.08.2023 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (04.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
2) уәкілетті орган – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Полная версия
ИС BestProfi