Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 28 қаулысы
Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналардың:
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың атаулары өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетіне берсін.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » қаңтардағы № қаулысына 1-қосымша
Атауы өзгертілетін республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Полная версия